"Астана" футболшылары жаттығуға шықпай бойкот жариялады

Футбол

«Астана» ФК

Бүгін 15-мамыр күні "Астана" футбол клубының ойыншылары командалық жаттығуға қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Мeta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

БАҚ мәліметінше, футболшыларға, бапкерлерге және клуб қызметкерлеріне бірнеше айлық көлемінде жалақы қарызы бар.

Осы жағдай бойынша «Астана» Жезқазғанда өтетін «Ұлытауға» қарсы ҚПЛ 9-тур ойынын өткізуі әбден мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Тобылға» қарсы ойында жеңілгеннен кейін, ойын соңындағы баспасөз-мәслихатында клубтың футболшылар мен қызметкерлердің алдында үлкен көлемде қарызы барын және футболшылар ойын алдындағы жаттығуды бірнеше рет тоқтатқанын айтқан болатын