ҚБФ бас хатшысы ұлттық құрама боксшыларын әшкереледі

ҚБФ бас хатшысы ұлттық құрама боксшыларын әшкереледі
Бокс

ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов ұлттық құраманың кейбір боксшыларына қатысты қызықты жайтпен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.  

— Жігіттерге: «Инстаграмға бәрін сала бермеңдер, қайда жүргендеріңді жария етпеңдер» деп айтып жүрмін. Содан кейін халық та әр нәрсеге шу шығара береді. Осы сөздерден кейін, кім екенін айтпай-ақ қояйын, кейбіреулер менен стористерін жасыра бастады. Қазір жігіттер оқу-жаттығу жиынында жүр. Сол жерге арнайы барып, ашық сөйлестім, — деді Ақшалов «Бірінші бол» YouTube арнасына берген сұхбатында.  

Айта кетейік, Мерей Ақшалов — 2013 жылғы әлем чемпионы (Алматы), Азия чемпионы (Амман-2013) және Қазақстан чемпионы (2012). Ол 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан. 2014 жылы денсаулығына байланысты спорттық мансабын аяқтаған.