Әлем кубогындағы сәтсіздік: Гүлсая Ержан жарысты ерте аяқтады

Әлем кубогындағы сәтсіздік: Гүлсая Ержан жарысты ерте аяқтады
Бокс

Optimism.kz

Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында Қазақстан құрамасы үшін тағы бір жағымсыз жаңалық тіркелді. 

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Гүлсая Ержан ширек финалда үндістандық Пуджа Ранимен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліп қалды.

Бұл нәтиже бойынша Пуджа Рани жартылай финалға жолдама алып, жүлдеге жақындай түсті. Ал Гүлсая Ержан жарысты осы кезеңде аяқтап, медальға бір қадам жетпей тоқтады.

Айта кетейік, Гүлсая Ержан 2024 жылы желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.