Қазақстанда Хабиб Нурмагомедовтың командасына бағытталған хейттің себебі аталды

Жекпе-жек
РБК Спорт
Octagon лигасының негізін қалаушы Нұраддин Садықов kana beisekeyev YouTube арнасына берген сұхбатында Хабиб Нурмагомедов командасына қатысты сынның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Садықовтың айтуынша, аталған командаға бағытталған сын мен негативті пікірлер көбіне жанкүйерлік көңіл-күйден туындаған.
— Меніңше, бұл хейт аздап орынсыз болды. Хабибтің командасының жігіттері барлық әлеуметтік желідегі пікірлерді жауып тастады. Бұл — артық кеткен әрекет. Бұл жанкүйерлердің өкініші мен ренішінен туған реакция. Тағы да қайталап айтамын: Хабибтің командасын әлемде жек көреді деген ойдан аулақпын. Мәселе — жанкүйерлер шоу, әсерлі жекпе-жек күтеді. Ал бұл командадағы жігіттердің стилі сәл басқаша. Сол себепті негатив жиналып келіп, бір сәтте жарылды, — деді Садықов.
Сонымен қатар ол белгілі файтер Тагир Уланбековтың мәлімдемесін де сынға алды.
— Тагир өзінің алғашқы айтқан сөзінен айнып, мүлде басқа пікір айтты. Сол кезде хейт орынды болды деп ойлаймын. Бұл — өте әдепсіз және дұрыс емес қадам. Ал Умар керісінше, Бекзаттың мықты екенін мойындады, оны құлатқанын да ашық айтты. Өз пікірін өзгертпей, ер мінез танытты, — деп түйіндеді Садықов.