Ағайынды Сабырхандар бокстан Азия чемпионаты 2026 жартылай финалына жолдама алды
Бокс
Әлеуметтік желі
Моңғолия астанасы Улан-Баторда өтіп жатқан World Boxing ұйымдастыруымен бокстан Азия чемпионатының бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан екі спортшы шаршы алаңға шықты.
Күндізгі сессияда 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан ширек финалда Тәжікстан өкілі Шамшер Саидовпен кездесіп, төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіске жетті. Осы нәтижемен ол жартылай финалға өтті.
Кешкі сессияда 55 келіге дейінгі салмақта оның ағасы Махмуд Сабырхан рингке көтерілді. Ол өзбекстандық Шахзод Музаффаровпен өткен тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Улан-Батордағы құрлық біріншілігі 10 сәуірге дейін жалғасады.