«Қайрат» Чемпиондар лигасында сенсация жасады

«Қайрат» Чемпиондар лигасында сенсация жасады
Футбол

Қайрат ФК

Алматылық «Қайрат» 2025/26 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде күтпеген жеңіске қол жеткізді. Қазақстандық команда қос кездесудің қорытындысы бойынша Словенияның мықты клубы саналатын «Олимпияны» жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Алғашқы матч Люблянада өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Қарымта кездесу Алматыда өтті. «Қайрат» өз алаңында сенімді ойын көрсетіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Есепті ойынның бесінші минутында Жоржиньо ашты. Одан кейін 31-минутта Александр Мрынский командасының екінші голын соғып, матч тағдырын түбегейлі шешті.

Енді алматылық клуб Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде финляндиялық КуПС-пен кездеседі.