UFC 318 турнирінің толық кестесі жарияланды

Sport Plus Qazaqstan
19-20 шілдеге қараған түні АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында UFC 318 турнирі өтеді. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы америкалық спортшылар Макс Холлоуэй мен Дастин Порье октагонда жолығады. Айта кету керек, бұл Порьенің спорттағы соңғы жекпе-жегі болмақ.
Қазақстандық Николай Веретенников турнирдің алдын ала кардында өнер көрсетеді. Ол аргентиналық Франсиско Прадомен күш сынасады.
Негізгі кард:
• Майкл Джонсон – Даниэль Целльхубер
• Дэн Иге – Патрисио Фрейре
• Кевин Холланд – Даниэль Родригес
• Пауло Коста – Роман Копылов
• Макс Холлоуэй – Дастин Порье
Алдын ала кард:
• Брунно Феррейра – Джексон Маквей
• Райан Спэнн – Лукаш Бржески
• Джимми Крут – Марцин Прахнё
• Адам Фьюджитт – Ислам Дулатов
• Атеба Готье – Роберт Валентин
• Франсиско Прадо – Николай Веретенников
• Марвин Веттори – Брендан Аллен
• Кайлер Филлипс – Винисиус Оливейра
Осылайша, отандасымыз Веретенников үшін бұл турнир халықаралық деңгейде өзін көрсетудің үлкен мүмкіндігі болмақ.