Мераб Двалишвили — UFC-дегі жылдың үздік файтері

Чемпионат
Нэшвилл қаласында (АҚШ) өтіп жатқан UFC on ESPN 70 турнирінде ESPY 2025 жүлдесінің жеңімпаздары жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жыл сайынғы Excellence in Sports Performance Yearly Award (ESPY) сыйлығында «UFC-дің жылдың үздік файтері» атағы бұл жолы жеңіл салмақтағы чемпион, грузиялық спортшы Мераб Двалишвилиге бұйырды.
Ол бұл марапатты жеңіп алу жолында бірқатар жұлдыздарды артта қалдырды. Олардың қатарында жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Ислам Махачев, орта салмақтағы қазіргі чемпион Дрикус дю Плесси және әйелдер арасындағы жеңіл салмақтың иегері, америкалық Кайла Харрисон бар.
Айта кетейік, ESPY жүлдесі – ABC және ESPN телеарналары ұсынатын және спорттағы үздік жетістіктер үшін табысталатын ең беделді марапаттардың бірі. АҚШ-тағы спорттық қоғамдастық бұл марапатты жоғары бағалайды.