Винисиус жаңа бас бапкер шешіміне наразы болды

Винисиус жаңа бас бапкер шешіміне наразы болды
Футбол

РИА Новости Спорт

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор клубтың жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның шешіміне қанағаттанбаған. Бұл туралы Bassport.kz Championat.com және COPE басылымдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Винисиус клубтық әлем чемпионатының ПСЖ-мен өткен жартылай финалында (0:4) оң қанатта ойнау тапсырмасын алған. Дегенмен футболшы бұл рөлге риза болмағанын білдірген. Ол әдетте сол жақта өнер көрсетеді және өзінің тиімділігін дәл осы позицияда арттыра алатынын бірнеше мәрте дәлелдеген.

Айта кетейік, бұған дейін Винисиустың «Реалмен» келісімшартты ұзартуға жақын екені хабарланған. Алайда қазіргі уақытта тараптар жаңа еңбек шарты бойынша ортақ келісімге келе алмаған.

Футболшының қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt дерегі бойынша, 23 жастағы бразилиялық ойыншының нарықтық құны – 170 миллион еуро.