Бекзат Алмахан UFC-де өнер көрсету мүмкіндігіне қалай ие болды?

Бекзат Алмахан UFC-де өнер көрсету мүмкіндігіне қалай ие болды?
Жекпе-жек

Offside.kz

Қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның UFC ұйымына қалай қабылданғаны туралы OCTAGON лигасының президенті Нұраддин Садықов мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Садықовтың айтуынша, Бекзаттың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі жедел ауыстыру нәтижесінде жүзеге асқан. Матчмейкерлерге Ресей өкілі Умар Нурмагомедовпен кездесуге қарсылас қажет болған. Алайда көптеген спортшылар дағыстандық балуандар мектебінің стиліне байланысты бұл ұсыныстан бас тартқан.

— Барлығы: “Дағыстандық күрес мектебі, жекпе-жектері қызықсыз, қарсыласты ұстап алады”, — деп, жекпе-жекке шыққысы келмейді, — деді Садықов Zamandas подкастында.

Сол уақытта Алмахан 11 не 12 жеңістен тұратын керемет серияда жүрген. Дегенмен, оның қолында жарақаты болғандықтан, толыққанды дайындыққа кемі бір ай қажет еді. Бірақ Бекзат өзі жекпе-жекке шығуға ниет білдіріп, шешуші қадамға барған.

— Саят Абдрахманов (менеджер) маған жазды. Бірақ Бекзатқа айықтыру үшін уақыт керек болды. Сол кезде Бекзат өзі маған хабарласып: “Маған Умармен жекпе-жекке шығуға рұқсат беріңіз. Мен осы мүмкіндікті пайдаланғым келеді”, — деді. Егер сол кезде біз бас тартқанда, оны UFC-де енді көрмеуіміз де мүмкін еді. Себебі ұйымның іріктеу саясаты өзгеріп жатқан болатын, — деп түсіндірді Садықов.

Еске сала кетейік, Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың наурыз айында өткізді. Қысқа уақыт ішінде дайындалып шыққан ол Умар Нурмагомедовті бірінші раундта нокдаунға жіберді, алайда төрешілер шешімімен жеңіс қарсыласына берілді.