«Барыс» клубы бапкер тағдырына қатысты нақты шешімге жақындауда

«Барыс» клубы бапкер тағдырына қатысты нақты шешімге жақындауда
Хоккей

Шайба.kz

Өткен маусымдағы сәтсіздіктен кейін “Барыстың” бас бапкері Ғалым Мәмбеталиевтің болашағы белгісіз күйінде қалып отыр, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Головой Об Лед» арнасының мәліметінше, қазіргі уақытта клуб басшылығы бапкермен келісімшартты бұзу мәселесін қарастырып, өтемақы көлемі жөнінде келіссөздер жүргізуде. Тараптар келісімге келе ме, жоқ па — әзірге белгісіз.

Ғалым Мәмбеталиев “Барыс” клубының тізгінін 2024 жылдың қазан айында ұстаған болатын. Алайда өткен маусым клуб тарихындағы ең сәтсіз кезеңге айналды — команда ҚХЛ чемпионатын соңғы орында аяқтады. Айта кетейік, бұған дейін де астаналық клуб қатарынан екі маусым бойы Шығыс конференциясының аутсайдерлері қатарында болған.

Клуб қазіргі жағдайда алдағы маусымға дайындықты мүлтіксіз бастау үшін маңызды шешім қабылдауы тиіс.