Турки Аль аш-Шейх PPV жүйесінен бас тартатынын мәлімдеді

Турки Аль аш-Шейх PPV жүйесінен бас тартатынын мәлімдеді
Бокс

Meta MMA - Metaratings

Бокс әлеміндегі ірі инвестор әрі Riyadh Season жобасының жетекшісі Турки Аль аш-Шейх жанкүйерлерге үлкен жаңалық жариялады, деп жазады Bassport.kz vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

Саудиялық шейх DAZN стриминг платформасының басшылығымен кездесу өткізгеннен кейін, барлық бокс кештері енді тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Яғни, PPV (pay-per-view) жүйесі қараша айынан бастап тоқтатылады.

«Біз DAZN бас директоры Шеймен кездестік. Керемет келісімге келдік — қарашадан бастап барлық The Ring және Riyadh Season ивенттері тегін болады. Ешқандай PPV болмайды. Бұл модель бокстың дамуына кедергі келтірді. Біз жанкүйерлер жағындамыз», — деп жазды Турки әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тегін трансляция 22 қарашада өтетін Давид Бенавидес – Энтони Ярд жекпе-жегімен басталады. Бұл шоу Эр-Риядта өтеді.

Айта кетейік, бастапқыда DAZN платформасы барлық боксты PPV-сіз көрсетеміз деп уәде берген. Алайда 2022 жылдан бастап ақылы көрсетілімдерге көшкен болатын. Енді бұл қадамнан толықтай бас тартуға шешім қабылданды.

Усик – Дюбуа 2 және Итаума – Уайт жекпе-жектері – DAZN-дегі соңғы екі ақылы шоу болады.