Винисиус пен Алонсо арасындағы жанжал бунтқа ұласты

Матч ТВ
Мадридтік “Реалдың” ішкі жағдайы ушығып барады. Клубтың бразилиялық жұлдызы Винисиус Жуниор бас бапкер Хаби Алонсоның тактикалық шешімдеріне көңілі толмай, наразылық танытуда, деп хабарлайды Bassport.kz Bernabéu Digital сайтына сілтеме жасап.
Клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында “Реал” ПСЖ-ден 0:4 есебімен жеңіліп, сәтсіз өнер көрсетті. Бұл кездесуде Алонсо Мбаппеге сол қапталды беріп, Винисиусты оң қанатқа шығарған. Шабуылдың ортасын Гонсало Гарсия иеленді.
Бірақ өз аймағынан алшақ қалған Винисиус ойынға толық қатыса алмай, ашық түрде наразылығын білдірген. Ол Мбаппе үшін өз позициясынан бас тартуға мәжбүр екенін түсінбейтінін айтқан.
Сонымен қатар, бапкер мен ойыншы арасындағы кернеу күннен-күнге артып келеді. Хаби Алонсо Винисиусты қорғанысқа қатыспайды және тактикалық тәртіпті бұзады деп сынға алған.
Даудың қаржы жағы да ушыққан: Винисиус жаңа келісімшарттан бас тартты, себебі ол Мбаппеден жоғары жалақы талап етуде. Алайда “Реал” бұл талаппен келіспей отыр.
Қазіргі келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін жарамды. Егер жағдай жақсармайтын болса, Винисиус клубтан бос агент ретінде кетуі мүмкін.