«Арсенал» келісілген матчтар үшін жазаланып, 10 жылға шеттетілді

«Арсенал» келісілген матчтар үшін жазаланып, 10 жылға шеттетілді
Футбол

UEFA.com

УЕФА-ның тәртіптік комитеті Черногорияның «Арсенал» (Тиват) клубын өз тунирлерінен он жылға шеттетті, деп хабарлайды Bassport.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай қатаң шешім 2023 жылғы шілдеде өткен Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі «Алашкертке» қарсы кездесулерге байланысты қабылданды. Тексеру нәтижесінде матчтарда келісілген ойын белгілері анықталып, УЕФА тарапынан тергеу жүргізілді.

Черногориялық клуб алғашқы ойында 1:1 есебімен тең түссе, қарымта кездесуде өз алаңында 6:1 есебімен ұтылып қалған. Аталған нәтижелер тергеуге түрткі болып, ақыры УЕФА «Арсеналды» 2023 жылдан бастап 10 жыл бойы клубтық турнирлерден шеттету жөнінде шешім шығарды.

Айта кетейік, «Арсенал» қазіргі таңда Черногорияның бірінші лигасында өнер көрсетеді.