Футболда пенальтиге қатысты жаңа ереже енгізілуі мүмкін

Футболда пенальтиге қатысты жаңа ереже енгізілуі мүмкін
Футбол

The PFSA

Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі (IFAB) футбол ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz The Times басылымына сілтеме жасап.

Жаңа ұсыныстардың бірі – бейнеқайталау (VAR) жүйесінің өкілеттілігін арттыру. Енді видеоқолдаушылар төрешіге бұрыштама белгілеу мен екінші сары қағаз үшін ойыннан қуылу сәттеріне араласуға мүмкіндік алуы мүмкін.

IFAB мүшелері мұндай өзгерістер төрешілердің қателіктерін азайтып, жалпы ойын барысында әділдікті арттырады деп есептейді.

Тағы бір маңызды ұсыныс – пенальти кезінде доп қақпашыдан қайтса, ойын бірден тоқтатылуы мүмкін. Яғни, шабуылшы команда допты қайтарып теуіп, гол соға алмайды.

Мамандар бұл ереженің енгізілуін келесі себептермен түсіндіреді:

• Пенальти орындаушы командада онсыз да артықшылық бар;

• Жаңа ереже шабуылшылардың айып алаңына ерте енуін болдырмайды.

Бұл өзгерістер 2026 жылдың маусымында – АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионаты алдында күшіне енуі мүмкін. Бірақ бұған дейін олар 2026 жылдың наурыз айында өтетін IFAB жиынында бекітілуі тиіс.