Әбиба Әбужақынова Астанада өзінің дзюдо клубын ашпақ
 
                Дзюдо
                                            olympic.kz
Қазақстанның үздік дзюдошысы Әбиба Әбужақынова күтпеген жаңалығымен бөлісті.
Астанада ABIBA JUDO CLUB атты дзюдо клубы ашылады. Бұл бастама – спортшының есімімен аталатын алғашқы жоба болмақ. Клубтың ресми ашылуы алдағы күндері өтеді.
Айта кетейік, Әбиба – Қазақстан дзюдо тарихындағы ең табысты дзюдошылардың бірі. Ол әлемдік рейтингте 2-орында тұр (5021 ұпай). 
