Абдуқодир Хусанов жаңа маусымда «Манчестер Ситиде» басқа позицияда ойнауы мүмкін

Футбол
Спорт Шредингера
The Athletic басылымының сарапшысы Джордан Кэмпбеллдің пікірінше, «Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола жаңа маусымда өзбекстандық қорғаушы Абдуқодир Хусановты жаңа рөлде сынап көреді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Кэмпбеллдің айтуынша, Хусанов алдағы маусымда оң қапталдағы қорғаушы позициясында жиі ойнауы ықтимал. Бұған дейін «Реал» да қызығушылық танытқан жас футболшы өткен маусымда «Ланс» пен «Манчестер Сити» сапында орталық қорғаушы ретінде 21 матч өткізген.
Дегенмен, Чемпиондар лигасының Мадридтегі «Реалға» қарсы ойынында (1:3) және Клубтық әлем чемпионатында «Аль-Айнға» қарсы кездесуде (6:0) Гвардиола Хусановты оң қорғаушы ретінде пайдаланды.
Сарапшының пікірінше, оның жылдамдығы мен бір-бірге қарсы ойындағы сенімділігі қазіргі Премьер-лига талаптарына сай келеді: «Хусанов оң қапталда өзін жақсы көрсете алады. Ол өте жылдам әрі бір-бірге қарсы ойында мықты, бұл қазіргі АПЛ үшін аса маңызды қасиеттер. Ол осы позициядағы проблемаларды толық шешуге қауқарлы екенін дәлелдеді», – дейді Кэмпбелл.