Экс-жаттықтырушы Асу Алмабаевтың UFC-дегі болашағын бағалады

Экс-жаттықтырушы Асу Алмабаевтың UFC-дегі болашағын бағалады
Жекпе-жек

Vesti.kz

«BIRLIK TOP TEAM» клубының бас жаттықтырушысы Азиз Разыев қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың UFC-дің ең жеңіл салмақтағы үздік бестікке кіру мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

— Соңғы уақытта кейбір жанкүйерлер мен сарапшылар Алмабаевтың топ-5-ке еніп, UFC белбеуі үшін айқасу мүмкіндігіне күмән келтіруде. Бірақ біз бәріміз өмірді алғаш рет сүріп жатырмыз және қателесуіміз мүмкін. Ең бастысы — дұрыс қорытынды жасап, сол қателікті қайталамау. Мен Асуға талай жыл бапкерлік еттім, оны жақсы білемін. Жекпе-жектен кейін ұзақ демалмайды, ертеңіне қайтадан залда жүреді. Нағыз еңбекқор! Оның үстіне, сәттілік те серік болады. Егер ол осылай еңбектенуді жалғастырса, жақын арада UFC-дің топ-3 қатарына да кіруі ғажап емес. Ол көп нәрсеге қабілетті, — деді Разыев.

Қазіргі таңда Алмабаев UFC-де ең жеңіл салмақ дәрежесінде 9-орында тұр. Азиз Разыевтің қол астында ол Naiza чемпионы атанып, кейін UFC-де дебют жасаған еді.