Әлем чемпионатында дзюдошыларымыз бес медальмен аяқтады

1Bol.kz
София қаласында (Болгария) дзюдодан кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР ҰОК ҚР ҰОК хабарлауынша, біздің құрама бұл додада бес медальді алды. 60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали жеңіске жетті. 66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлде еншіледі.
Келесі 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов қола медальға қол жеткізді.
Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде (Болгария, София) Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалдық кезеңге өткен болатын.