Дастан Сәтпаев «ЧЛ» тарихындағы ең жас гол соққан ойыншы болуы мүмкін

Дастан Сәтпаев «ЧЛ» тарихындағы ең жас гол соққан ойыншы болуы мүмкін
Футбол

Offside.kz

«Қайрат» клубындағы 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың Чемпиондар лигасында жетістікке жетуге мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Bassport.kz Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 2008 жылы 12 тамызда дүниеге келген. Жас болса да Лондонның «Челси» клубына жолдама алған. Оның турнирдің негізгі айналымындағы дебюті 19 қыркүйекте күтілуде – бұл күні «Қайрат» Лиссабонда «Спортингпен» ойнайды. 

Егер жас футболшы ойында қақпаға гол соғатын болса, УЕФА ресми деректері бойынша «Чемпиондар лигасы» тарихындағы ең жас сұрмерген атанады. 

Қазіргі уақытта рекорд «Барселона» құрамында болған Ансу Фатиге тиесілі, ол 2019 жылдың желтоқсанында «Интер» қақпасына 17 жас 40 күнде гол соққан.