Футболдан Қазақстан құрамасы толық құрамда дайындығын бастауда

Ult.kz
Қазақстан құрамасы келесі жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екі ойынына толық құрамда дайындыққа кірісті, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Қазақстан футбол федерациясы жариялады. Құрама J тобында сынға түсуде. Қарсыластары - Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.
Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Уэльс (1:3) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті. Алдағы қыркүйекте әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде екі ойын өткізетін болады. 4 қыркүйекте Астана қаласында Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында болады.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астана қаласында басталды. Бірінші қазақстандық футболшылар келді.
Одан кейін Ресейдің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп пен «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов қатарға кірді.