Илкай Гюндоган «Галатасарайға» ауысатын болды: келісімшарт - 2027 жылдың жазына дейін

Илкай Гюндоган «Галатасарайға» ауысатын болды: келісімшарт - 2027 жылдың жазына дейін
Футбол

Матч Тв

Жартылай қорғаушы бүгін Түркия клубымен үш жылдық келісімге отырады, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады. Ал «Манчестер Сити» болса оны еркін агент ретінде жібереді.

Футболшыға «Галатасарай» клубы жылына 5 млн евро төлеуге дайын екендерін жеткізді.

Қазан айында 35 жасқа толатын футболшы Гюндоган жаңа маусымда клуб сапында ойын көрсеткен жоқ; 2024–2025 жылғы Премьер-лигада ол 33 ойында 1 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген болатын.

Спортшы көпшілікке ойындағы тактикалық ақылдылығымен, пас беру қабілетімен және тәжірибе мен көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленеді.