Астанада Азия ойындары-2025 бойынша баспасөз конференциясы өтті

Жапонияда 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарына арналған арнайы баспасөз конференциясы болды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Спорттық дода Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтетін болады. Жарыстың бағдарламасы бойынша 41 спорт түрінен спортшылар бақ сынайды. Жалпы 68 бағдарлама бойынша 460 жүлде көзделіп отыр: оның 217-сі ерлер, 204-і әйелдер, ал 39-ы аралас санаттарда. Бағдарламаға олимпиадалық, олимпиадалық емес және дәстүрлі азиялық спорт түрлері бар.  

Баспасөз жиынына Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) Бас директорының орынбасары Винод Тивари, АОК-нің медиа және телетрансляция жөніндегі директоры Цзян Чжоу, Аичи-Нагоя 2026 ұйымдастыру комитетінің Бас директоры міндетін атқарушы Ясухиро Накамори, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас директоры Нұрлан Нөгербек және ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев қатысты. 

Баспасөз конференциясында Жапониядан келген спорт өкілдері тек жалпылама жарыс туралы ғана емес, спортшылардың жағдайы, қандай ерекшеліктер болатыны туралы да қоса айтып өтті. 

"Біз осы жолы жаңа спорт нысандарын салмадық. Осыған орай бұл спорт ойындары бұрыннан біздегі ареналарда өтетін болады. Ғимараттардың барлығы да толық жөндеуден өтіп, барлық талаптарға лайықталып жасалды. Спортшылар мен делегация мүшелері және жанкүйерлер бір ғимараттан келесі екінші орынға кедергісіз қатынай алсын деп жол жүру жүйесіне де көңіл бөлдік. Сонымен қатар, Азия ойындарын ұйымдастыруда заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Өз халқымыздың қонақжайлығын көрсетіп, әрі біздің тарихи, мәдени құндылықтарымызды да насихаттағымыз келеді", - деп Ясухиро Накамори. 

Олимпиада өкілдеріне журналистер сұрақтарын қойып, осы алдағы жарыстың жайындығы жан-жақты сараланып, пысықталды.