Жапонияда өтетін Азия ойындарының ұйымдастырушыларымен конференция өтті

Жапонияда өтетін Азия ойындарының ұйымдастырушыларымен конференция өтті

Елордада 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында болатын ХХ жазғы Азия ойындарына дайындық туралы баспасөз конференциясы болды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жиын жалпы Азия ойындарына қатысатын мемлекеттердің дайындығы, спортшылардың Жапониядағы жарыстан бөлек, оларға жасалатын жағдайлар туралы да ақпараттар берілді.

Конференцияға Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) Бас директорының орынбасары Винод Тивари, АОК-нің медиа және телетрансляция жөніндегі директоры Цзян Чжоу, Аичи-Нагоя 2026 ұйымдастыру комитетінің Бас директоры міндетін атқарушы Ясухиро Накамори, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас директоры Нұрлан Нөгербек және ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев қатысты.

Осы жиын арқылы журналистер олимпиада бойынша сұрақтарына жауап алып, дайындық барысы кеңінен талқыланды. Аичи-Нагоя 2026 ұйымдастыру комитеті қыркүйекте басталатын осы спорттық жарысқа қатысты ойларын айтты.

"Жапонияда осы уақытқа дейін бірнеше рет Олимпиада ойындары және Азия ойындары болды. Осы себеппен біз өзіміздің барлық тәжірибемізді ортаға салып, заманауи ұйымдастыру тәсілдерімен жасайық деп отырмыз. Осы Азия ойындарының ұраны - Imagine One Asia («Біртұтас Азияны елестет»). Біз барша Азия құрлығын ортақ мақсатта бастарын қосуды, қонақжайлылық көрсетуді қалаймыз. Әрине осы ойын арқылы халқымыздың мәдени мұрасы мен тарихын насихаттауды да көздеп отырмыз" - деді Ясухиро Накамори.

Осы Азиада-2026 жарысында 41 спорт түрінен бақ сынайтын болады. Жалпы 68 бағдарлама бойынша 460 жүлде көзделіп отыр: оның 217-сі ерлер, 204-і әйелдер, ал 39-ы аралас санаттарда. Спорттық бәйгенің бағдарламасына олимпиадалық, олимпиадалық емес және дәстүрлі азиялық спорт түрлері кіреді.