Ақтөбеге танымал футболшы Беллингем бастаған Англия футболшылары келеді

Sportarena.kz
Англия жастар құрамасы Ақтөбеде 8 қыркүйектегі Қазақстанмен өтетін кездесуге қатысатын ойыншылар тізімін берді. Арасында «Боруссия Дортмунд» командасында ойнайтын Джоб Беллингем де бар, деп хабарлайды Bassport.kz 1Bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Қақпашылар: Джеймс Бидл («Бирмингем Сити»), Томми Симкин («Лейтон Ориент»), Мэттью Янг («Солфорд Сити»). Қорғаушылар: Джош Ачемпонг («Челси»), Макс Аллейн («Уотфорд»), Келлен Фишер («Норвич Сити»), Брук Нортон-Каффи («Дженоа»), Рико Льюис («Манчестер Сити»), Бен Нельсон («Лестер Сити»), Эшли Филлипс («Сток Сити»), Тьерри Смолл («Престон Норт Энд»).
Жартылай қорғаушылар: Джоб Беллингем («Боруссия Дортмунд»), Арчи Грэй («Тоттенхэм Хотспур»), Джек Хиншелвуд («Брайтон энд Хоув Альбион»), Льюис Майли («Ньюкасл Юнайтед»), Нико О’Рейли («Манчестер Сити»). Шабуылшылар: Тайлер Диблинг («Эвертон»), Ромен Эссе («Кристал Пэлас»), Уилл Ланкшир («Оксфорд Юнайтед»), Дивин Мубама («Сток Сити»), Итан Нванери («Арсенал»), Тайрик Джордж («Челси»), Джейми Гиттенс («Челси»).
Қазақстан (U-21) және Англия (U-21) жастар құрамалары арасындағы матч 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы стадионда өтеді. Сағат 20:00-де басталады.
1Bol.kz