Әлем чемпионатында кімдер көш бастап тұр?

Бокс
KBF
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (World Boxing) жартылай финалға шыққан спортшылардың саны белгілі болды
Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінші орында келеді. Қазіргі таңда сегіз боксшымыз келесі кезеңге жолдама алды: бесеуі – әйелдер командасынан, үшеуі – ерлер құрамасынан.
Бұған қоса, ертең, 12 қыркүйекте Санжар Тәшкенбай (50 келі) мен Назым Қызайбай (48 келі) ширек финалда бақ сынайды. Турнирдің үздік үштігі мынадай:
- Өзбекстан – 9
- Қазақстан – 8
- Қытай – 6
Айта кетелік, әлем чемпионатының шешуші кезеңдері жақындап келеді. Жаһандық бәсеке 14 қыркүйекке дейін жалғасады.