Алексей Шпилевский «Қайратты» ЧЛ-ға шыққанымен құттықтады

Алексей Шпилевский «Қайратты» ЧЛ-ға шыққанымен құттықтады
Футбол

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Алексей Шпилевский клубтың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz ASNews.kz-ке сілтеме жасап

«Кеше ғана Қайрат Боранбаевпен сөйлестім. Оны осы жетістігімен құттықтап, бәрі әу бастан осылай болуы керек екенін айттым. Бұл — көп жылдан бері жүргізілген жұмыстың нәтижесі. Инфрақұрылым, философия, идея, қазақстандық футболды жүйелі дамытуға қосқан үлес — бәрі осы жетістікке әкелді. Иә, нәтиже бірден келген жоқ, бірақ бұл — тек «Қайрат» үшін емес, бүкіл ел үшін үлкен оқиға болмақ. Тағы да құттықтап, жігіттерге Еуропаның үздік турнирінде табыс тілеймін», — деді беларусь маманы.

Еске сала кетейік, Шпилевский 2018–2021 жылдар аралығында «Қайратты» жаттықтырған. Оның жетекшілігімен клуб Қазақстан чемпионы атанды. Қазір ол Ресейдің «Пари НН» командасын баптайды. Чемпиондар лигасында алматылық ұжым «Реал», «Интер» және «Арсенал» сынды алпауыт клубтармен кездеседі.