Ағайынды Сабырхандар әлемді таңдай қақтырды

Ағайынды Сабырхандар әлемді таңдай қақтырды
Бокс

KBF

World Boxing ұйымы өткізген алғашқы әлем чемпионатында (Ливерпуль, Англия) қазақстандық боксшылар Махмұд пен Төрехан Сабырханның өнері жанкүйерлерді тәнті етті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Турнирдің ресми Instagram-парақшасында қазақ боксшыларының жетістігіне ерекше баға берілді:


«Олар үшін бокс – отбасылық кәсіп сынды. Екеуі де Англиядағы алғашқы әлем чемпионатында жарқырап тұр. Екеуі де жартылай финалға шығып, жүлделерін алуға шақ қалды. Олар үшін мүмкін емес ештеңе жоқ, солай емес пе?» – делінген жазбада.

Махмұд Сабырхан 55 келі салмақта, ал оның інісі Төрехан 70 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатыр. Екі боксшы да 13 қыркүйекте жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді:


– Махмұд қытайлық Лю Чуаньмен кездессе,


– Төрехан ағылшын Одель Камараға қарсы шығады. Қазақстандық бауырлар әлемдік рингте тағы да өздерінің мықты екенін дәлелдеуге дайын.