Жас дзюдошылар Азия чемпионатына қатысады

KJF
Қазақстан құрамасы Индонезия астанасы Джакартада өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысады
Жарыс 13-14 қыркүйек күндері аралығында өтеді. Ұлттық құрама сапынан 18 спортшы бақ сынайды.
Ерлер құрамасы:
– Дәрмен Есенгелді (60 келі)
– Қайрат Жеңісұлы (60 келі)
– Әли Болат (66 келі)
– Ерасыл Ержанов (66 келі)
– Ернар Кеңесқан (73 келі)
– Сапарғали Салхан (81 келі)
– Егор Раков (90 келі)
– Ерасыл Нұртаза (100 келі)
– Бейбарыс Сұлтан (+100 келі)
Әйелдер құрамасы:
– Іңкәр Құралбай (48 келі)
– Сара Шұғаева (52 келі) – Гүлхан Шыңғысхан (52 келі)
– Карина Қаракенова (57 келі)
– Дамеля Асылханова (63 келі)
– Шынар Бітімбай (70 келі)
– Салтанат Ахметова (78 келі)
– Көркем Бақытбек (+78 келі)
– Томирис Ерғали (+78 келі)
Айта кетейік, аталмыш додада Азияның үздік жас татами шеберлері жиналып, құрлық біріншілігінің жүлделерін сарапқа салады.