Германиядағы Әлем кубогында қос қазақ баласы алтыннан алқа тағынды

Германиядағы Әлем кубогында қос қазақ баласы алтыннан алқа тағынды
Гимнастика

ДРС

Қазақстандық батутшылар Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков Германияда өткен Әлем кубогының кезеңінде тарихи жеңіске жетті.

Отандастарымыз синхронды секіру бағдарламасында барлық қарсыласын артқа тастап, алтын медальға қол жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық жұп 52.200 ұпай жинап, бірінші орынға тұрақтады. Екінші орын Германия спортшыларына бұйырды (52.050 ұпай), ал үздік үштікті Ұлыбритания құрамасы түйіндеді (51.530 ұпай). 

Айта кетейік, бұл – Мұсабаев пен Тумаковтың биылғы маусымдағы ең ірі жетістігі. Бұған дейін олар Әзербайжанда өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлде еншілеген болатын.