Боранбаев: «Қайрат жеңілмеді, олар қазақ футболының дамуына жаңа жол ашты»

Боранбаев: «Қайрат жеңілмеді, олар қазақ футболының дамуына жаңа жол ашты»
Футбол

Қайрат ФК

«Қайрат» футбол клубының Қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алматылық команданың «Реалға» қарсы ойынын бағалап, матчтан кейінгі пікірін білдірді. 

Оның айтуынша, ойыншылар испан алпауытынан жеңілсе де, барынша намыспен ойнады және бұл кездесу қазақ футболы тарихына алтын әріппен жазылады.

– Мен жігіттерге тек бір нәрсені айттым: «Өздеріңмен мақтаныңдар». Олар өте қатты шаршады, бірақ көрсеткен ойыны елге мақтаныш сыйлады. Кеше тек «Реалға» қарсы ойнаған жоқ, сонымен қатар қазақ футболының тарихына енді. Бұл бір реттік оқиға емес, жаңа сапардың бастауы ғана. Клуб әрі қарай өседі, біз осындай кештердің жалғасуы үшін бар күшімізді саламыз. Қазақстан мен «Қайраттың» әлеуеті бар екенін дәлелдедік, – деді Боранбаев «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Алдағы уақытта «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында тағы үш қарсыласын қабылдайды: 21 қазанда кипрлік «Пафос», одан кейін грекиялық «Олимпиакос» және бельгиялық «Брюгге» Алматы төрінде сынға түседі.