Ескек есуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль иеленді

Ескек есуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль иеленді
Басқа

Olympic.kz

Вьетнамның Хайфон қаласында академиялық ескек есуден Азия чемпионаты өтіп, онда Қзаақстан құрамасы жалпы бес жүлде еншіледі - оның екеуі күміс және үшеуі қола жүлде, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

W8+ санатында сынға түскен қыздарымыз Медина Қонырбаева, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Анастасия Кулинич, Мелани Жакупова, Екатерина Носкова, Тамара Первушкина, Валентина Волкодавова мен Мария Лебедева күміс жүлде еншіледі. 

Сондай-ақ, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Роза Кеңес пен Ирина Чудина күміс жүлде иегері атанды. 

Ал Мария Чернец (Lx1x), Артем Матусевич (Lm1x), сонымен қатар Владислав Яковлев пен Иван Чернухин (М2х) үздік үштіктің қатарынан көрінді.