Таеквондо: Айдана Құмартаева әлем чемпионатының ширек финалында
Басқа
Қазақстан таеквондо федерациясы
Таеквондодан Қытайдағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бүгін әйелдер 54 және 73+, ерлер 80 келі салмақ дәрежелерінде сынға түсіп жатыр.
Ұлттық құрама мүшесі Айдана Құмартаева 1/8 финалда үндістандық қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.
Ширек финалда отандасымыз Милана Бекуловамен (AIN) сынға түседі.
Бүгін ел намысын қорғаған Евгения Каимова (73+ келі) алғашқы айналымнан әрі аса алмаса, Батырхан Төлеуғали 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Сео Гун Вуннан жеңіліп, жарысты аяқтады.