Александр Овечкин Ұлттық хоккей лигасында тарихи нәтиже тіркеді
Хоккей
Washington Capitals
“Вашингтон Кэпиталз” шабуылшысы Александр Овечкин Ұлттық хоккей лигасында тарихи нәтиже тіркеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
ҰХЛ тұрақты чемпионаты аясында “Кэпиталз” “Сент Луис Блюз” командасына қарсы ойын өткізіп, онда Александр Овечкин нәтижелі соққымен көзге түсті.
Бұл - шабуылшының ҰХЛ тұрақты чемпионаттарында соққан 900-шайбасы. Бұрын-соңды ешбір ойыншы мұндай нәтижеге қол жеткізіп көрмеген.
Енді Овечкиннің қоржынында тұрақты чемпионаттағы 1504 ойыннан кейін 1631 (900+731) ұпай бар.