Гретцкиге дейін 38 шайба. Овечкин ҰХЛ тағы қандай рекордын жаңарта алады?
Хоккей
Getty Images
“Вашингтон Кэпиталз” шабуылшысы Александр Овечкин ҰХЛ тұрақты чемпионатв аясында “Каролина Харрикейнзге” қарсы өткен ойында шайба соқты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл - “Кэпиталз” капитанының плей-оффты есепке алғанда, Ұлттық хоккей лигасы мансабындағы 978-шайбасы.
Ол Лиганың тұрақты чемпионаттарында 901 гол, ал Стэнли Кубогына таласта 77 шайба соққан. Осы көрсеткіш бойынша Александр Овечкин Лига тарихында екінші орында келеді. Ал көш басында Уэйн Гретцки (1016 шайба, оның 894-і тұрақты чемпионаттарда, 122-сі - плей-оффта).
Ресейлік шабуылшы тағы 38 шайба соқса, Уэйн Гретцкидің нәтижесін қайталайды.