Алматы облысында Амангелді Бектасовты еске алу турнирі өз мәресіне жетті

Алматы облысында Амангелді Бектасовты еске алу турнирі өз мәресіне жетті
Бокс

Алматы облысында бокстан еңбек ардагері Амангелді Бектасовты еске алуға арналған алғашқы республикалық ашық турнир аяқталды.

«Үшқоңыр» спорт кешенінде өткен жарысқа Қазақстанмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген 200-ге жуық жас боксшы қатысып, 15 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Доданы халықаралық және республикалық санаттағы төрешілер басқарды.

Бәсекенің басты мақсаты – қазақ боксының үздік дәстүрін жалғаған еңбек ардагері Амангелді Бектасовтың есімін ұлықтау, жас спортшыларға бағыт-бағдар беру және болашақ чемпиондарға жол ашу.

Төрт күнге созылған жарыстың жеңімпаздары төмендегідей:

42 кг: Ерасыл Мәуліт (Алматы облысы, Қарасай ауданы)

44 кг: Одина Сафарализада (Тәжікстан)

46 кг: Алан Шакиров (Қырғызстан)

48 кг: Тамирлан Сман (Алматы облысы)

50 кг: Бекарыс Сәбитов (Алматы облысы)

52 кг: Нұрмұхаммед Сағынтай (Қарасай ауданы)

54 кг: Дінмұхаммед Медеубеу (Алматы облысы)

57 кг: Амиршон Надиров (Тәжікстан)

60 кг: Ильхам Иманжанов (Алматы)

63 кг: Бахыт Мавленбеков (Өзбекстан)

66 кг: Абдурахим Шарипов (Тәжікстан)

70 кг: Жайық Мүслім (Алматы облысы)

75 кг: Ерасыл Рыскелді (Алматы)

80 кг: Амир Оспанов (Қарасай ауданы)

+80 кг: Нұрдәулет Сәкен (Алматы облысы)

50 келі салмақ дәрежесінде топ жарған Бекарыс Сәбитов «Турнирдің үздік боксшысы» атағын жеңіп, қосымша марапатқа ие болды.

Турнирдің бас ұйымдастырушысы Жеңіс Бектасов алдағы жылдары жарысты дәстүрлі түрде өткізу жоспарын айтты:

«Төрт күн бойы біз екі жүзге жуық жас боксшының тартысты кездесулерін тамашаладық. Шын мықтылар анықталды. Бұйырса, бұл турнирді күнтізбелік жарыстар қатарына қосып, дәстүрлі сайысқа айналдыруды көздеп отырмыз. Әкеміз қазақ боксының нағыз жанашыры болды. Енді сол кісінің арманын жалғап, қазақ балаларының әлем және Олимпиада чемпиондары атануына үлес қосуды мақсат тұтамыз», – деді ол.

Айта кетейік, турнир 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті.