Елдос Сметов татамиге қашан оралады
Дзюдо
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің татамиге қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне берген сұхбатында айтты.
- Елдос келесі жылы татамиге оралады. Оны ешқайда асықтырмаймыз. Спорттық бабына еніп, қалпына келген соң ғана қай жарысқа қатысатынын бірге ақылдасып шешеміз.
Айта кетейік, бүгін Абу-Дабиде халықаралық Grand Slam турнирі басталады.