Қазақстан әлем чемпионатында қатарынан төртінші рет жеңілді
Гандбол
Халықаралық гандбол федерациясы
Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатында кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салайық, алдын ала кезеңде отандастарымыз H тобында соңғы орынға ие болып, үш ойында қарсыластарына жол берген еді. Қазір қазақстандық спортшылар жұбаныш кезеңінде өнер көрсетіп, 25-тен 32-орынға дейінгі орындар үшін таласуда. Қазақстандық гандболшылар Куба құрамасына есе жіберді. Кездесу 28:29 есебімен аяқталды. 6 желтоқсанда өтетін ойында Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.