Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында бесінші рет жеңілді
Халықаралық гандбол федерациясы (IHF)
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Германия мен Нидерландта өтіп жатқан әлем чемпионатында қатарынан бесінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Чемпионаттың топтық кезеңінен әрі қарай аса алмаған қыздарымыз қазір 25-32-орындар үшін таласып жатыр. Әлем чемпионаты аясында өтетін жұбаныш жарысы - ІІ Президент Кубогының екінші турында қазақ қыздары Қытай құрамасымен кездесіп, 30:32 есебімен жеңіліс тапты.
Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы бес ойынның бесеуінде жеңіліп, топтың турнирлік кестесінде көш соңында тұр. Команда соңғы турда Мысырды жеңсе, үшінші орынға көтеріле алады. Егер қыздарымыз үздік үштікке енсе, әлем чемпионатының қорытынды турнирлік кестесіндегі 29-орын үшін таласады.