Әлем чемпионаты: Қазақстан жұбаныш кезеңіндегі үшінші ойында жеңілді
Гандбол
Қазақстан - Мысыр/Сурет: Халықаралық гандбол федерациясы (IHF)
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Германия мен Нидерландта өтіп жатқан әлем чемпионаты жұбаныш кезеңінің үшінші ойынында жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандастарымыз бұл кездесуде Мысыр құрамасымен ойнап, қарсыласына 18:30 есебімен жол берді. Қазақстан құрампсы жұбаныш кезеңіндегі үш матчта да жеңіліп, екінші топта соңғы орынға ие болды.
Осылайша, командамыз енді 31-32-орындар үшін ойнайды. Қазақстан құрамасы келесі матчта Иранмен кездеседі.