Қазақ қыздары әлем чемпионаты жұбаныш кезеңінде жеңіске жетті
Гандбол
Қазақстан - Иран/Сурет: Халықаралық гандбол федерациясы (IHF)
Гандболдан Германия мен Нидерландта өтіп жатқан әлем чемпионаты жұбаныш кезеңінде Қазақстан құрамасы Иранмен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әлем чемпионатының 31-32-орындары үшін өткен матчта қазақ қыздары 24:19 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем біріншілігін 31-орында аяқтады.