Теренс Кроуфорд мансабын аяқтады
Бокс
Теренс Кроуфорд/ Сурет:Netflix
Бокстан абсолютті әлем чемпионы, америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфорд кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы боксшы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
“Өзінің мықты екенін дәлелдеуді керек етпейтін ұлы боксшы ретінде мансабымды аяқтадым”, - деп жазды ол.
Теренс Кроуфорд бес түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған. Қыркүйек айының басында Кроуфорд екінші орта салмақта Сауль “Канело” Альваресті жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды. Америкалық спортшы - үш дивизионда осы атаққа ие болған бокс тарихында тұңғыш былғары қолғап шебері.