Әлем Кубогы кезеңі: әйелдер эстафетасында ел намысын кім қорғайды
Қысқы спорт
Сурет: Olympic.kz
Бүгін, 14 қаңтарда Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші жарыс күні әйелдер арасындағы 4x6 шақырымдық эстафеталық жарыс өтеді. Қазақстан атынан Милана Генева, Полина Егорова, Дарья Климина және Алина Скрипкина жарыс жолына шығады.
Жарысқа барлығы 19 команда қатысады.
Басталуы - Астана уақытымен 18:30-да.