Александр Бублик Australian Open турнирінің ширек финалы үшін ойнайды
Теннис
Александр Бублик / Сурет: ҚТФ
Қазақстанның бірінші, әлемнің оныншы ракеткасы Александр Бублик мансабында алғаш рет Аустралия ашық біріншілігінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Еліміздің үздік теннисшісі жарыстың үшінші айналымында аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен шеберлік байқасып, үш сеттің қорытындысында жеңіске қол жеткізді - 7:6 (7:4), 7:6 (7:5), 6:4.
Осылайша, Бублик мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің ширек финалына таласады. Оның бұл кезеңдегі қарсыласы - аустралиялық Алекс де Минаур.
Сонымен қатар, Қазақстанның бірінші ракеткасы тұңғыш рет маусымды қатарынан 7 жеңіспен бастап отыр.