Қазақстандық жас талант Australian Open жарысын ірі жеңіспен бастады
Теннис
Заңғар Нұрланұлы / Сурет: ҚТФ
Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарыстың сегізінші ракеткасы болып тіркелген отандасымыз алғашқы айналымда Таиланд өкілі Кунанан Пантараторнмен кездесіп, екі сетте 6:1, 6:2 есебімен жеңіске қол жеткізді.