Заңғар Нұрланұлы әлемнің топ-10 қатарына кірді

Заңғар Нұрланұлы әлемнің топ-10 қатарына кірді
Теннис

Заңғар Нұрланұлы. Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында ITF Juniors әлемдік рейтингісінде үздік он теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш рет жартылай финалға шыққан Заңғар рейтингіде 12-ден 9-орынға көтерілді. 

Өткен жылы Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының да жартылай финалына дейін жеткен болатын. Ол - жасөспірімдер арасында екі рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына Қазақстаннан шыққан жалғыз спортшы.

Сөйтіп, WTA, ATP және ITF Juniors рейтингісінде Қазақстанның үш бірдей өкілі ТОП-10-ға енді. Елена Рыбакина үшінші, Александр Бублик 10-орында, ал Заңғар 9-сатыда тұр.