Милан-2026: канадалық сноубордшы жаттығудан зембілмен кетті (СУРЕТ)

Милан-2026: канадалық сноубордшы жаттығудан зембілмен кетті (СУРЕТ)
Қысқы спорт

Марк Макморрис. Сурет: Millo Moravski/Getty Images

Қысқы Олимпиада ойындарының үш дүркін қола жүлдегері, канадалық сноубордшы Марк Макморрис Италиядағы төрт жылдықтың басты бәсекесіндегі жаттығуында жарақат алып қалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

CBC.ca басылымының жазуынша, Марк Макморрис жарыстың алғашқы күнінде биг-эйрден өткізген жаттығуы кезінде қатты құлаған. Спортшыны жаттығудан зембілмен шығарып, алып кеткен. Қазіргі таңда Канада Олимпиадалық комитеті мен Канаданың сноуборд федерациясы спортшыға барлық көмекті көрсетіп жатыр.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді. Ақ ойындарда 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан атынан Милан мен Кортинада 36 спортшы өнер көрсетеді.