"Барыс" өз айдынында "Ладаны" жеңді
"Барыс" - "Лада". Сурет: "Барыс" ХК
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында "Барыс" өз айдынында тольяттилік "Ладаны" қабылдап, жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Матч есебін алғаш болып тольяттилік хоккейшіле ашып, артынша айдын иелері Иэн Маккошеннің көмегімен таразы басын теңестірді. Осыдан соң "Барыс" хоккейшілері Кирилл Панюков пен Семен Симоновтың шайбаларының арқасында есепті еселеп, ойындағы алғашқы үзіліске 3:1 есебімен аттанды. Екінші кезеңде "Лада" есеп айырмасын қысқартқанымен, үшінші жиырма минуттықта "Барыс" тағы екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Райли Уолш таблодағы көрсеткіштегі айырманы тағы да екі шайбаға дейін жеткізсе, Тайс Томпсон кем құрамдағы ойын кезінде көзге түсті. Қорытынды есеп - 5:3.
"Барыс" - "Лада" - 5:3 (3:1, 0:1, 2:1)
0:1 - Чивилёв - 01:23
1:1 - Маккошен (Әсетов, Панюков) - 05:39
2:1 - Панюков - 12:48
3:1 - Симонов (Өмірбеков, Қайыржан) - 14:35 ГБ
3:2 - Лукин - 34:17
4:2 - Уолш (Қайыржан) - 45:37
5:2 - Томпсон (Уиллман, Масси) - 48:32 ГМ
5:3 - Граовац (Чивилёв, Коттон) - 49:51 ГБ
Қақпашылар: Бояркин - Бочаров