Елена Рыбакина Индиан-Уэлсстегі жарыстың ширек финалында

Елена Рыбакина Индиан-Уэлсстегі жарыстың ширек финалында
Теннис

Елена Рыбакина. Сурет: Robert Prange/Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнирдің 1/8 финалында қазақстандық теннисші Ұлыбритания өкілі Сонай Карталмен кездесіп, матчты екі сетте өз пайдасына шешті. Бірінші сет 6:4 есебімен аяқталса, екінші партияда есеп 4:3 болып тұрған сәтте ұлыбританиялық теннисші ойынды жалғастырудан бас тартты. 

Осылайша, Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі “мыңдық” жарыстың ширек финалына жолдама алды.