Қазақстандық файтер Азия ойындарында топ жарды
Жекпе-жек
Владислав Семенов
Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Осылайша отандасымыз 71 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырына көтерілді. Қадырбек алтын жүлде сарапқа салынған жекпе-жекте тәжікстандық Бехруз Хуршедзодадан 3:0 есебімен басым түсті.
Бұл - аралас жекпе-жектен ұлттық құрама қоржынына түскен екінші алтын медаль.
Айта кетейік, бұған дейін Еркінғали Бүркіталин (77 келіге дейін) алтын алған еді.